Денсаулық сақтау министрлігі 12 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 9122 адамнан коронавирус, 61 адамнан пневмония анықталған. 11 қаңтарда 3 адам коронавирустан көз жұмған.
13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 35 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 888 пациент стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 206 адамның жағдайы ауыр, 62 пациенттің жағдайы өте ауыр, 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары "Қызыл" аймақта.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.
12 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 037 214 адам вакцинаның I компонентін, 8 585 758 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру