• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 14:06:52
Алматы
+7°

"Qazaq kuresi" ассоциациясы құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысы қорытындысы бойынша ассоциация президенті лауазымына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Серікқанұлы Ерғалиев тағайындалды. Бұл туралы қауымдастықтың instagram парақшасында хабарланды.

Самат Ерғалиев еркін күрестен спорт шебері. "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен және президенттің "Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін" алғыс хаттарымен марапатталған.

Қауымдастық 2020 жылғы қаңтарда Республикалық қазақ күресі федерациясы бірлестігі, Халықаралық қазақ күресі федерациясы мен Бүкіләлемдік қазақ күресі федерациясы бірігуінің нәтижесінде құрылған.

Оған сол кезде ҰҚК төрағасы болып тұрған Кәрім Мәсімов төрағалық еткен. Мәсімов қазіргі уақытта "отанға опасыздық жасады" деген күдікпен тергеліп жатыр.

Qazaq kuresi қауымдастығы ұлттық спортты республикалық, халықаралық аренада дамытып, оны олимпиада бағдарламасына қосуды көздейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір