Қазақстан тікұшақ құрастырып, Калашников автоматын шығармақ

/image/2022/02/09/photo_345261.jpeg

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылы елдің қорғаныс өнеркәсібінде бірқатар перспективалық жобалар іске асырылатыны туралы хабарлады.

"№ 405 авиажөндеу зауыты" АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру, "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервистік орталық құру; "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру, "Тыныс" АҚ, "Алма МҮ" ЖШС, "Милитарм" ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған. Сонымен қатар, "Семей инжиниринг" АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту; "Steelmanufacturing" ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру, "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС-де "Барыс 8х8" сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін, "Тыныс" АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр" делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешені қалыптасу жолынан өтіп, бүгінгі таңда әскери саланы ғана емес, азаматтық секторды да түрлі өнімдермен қамтамасыз етуіп жатқанын хабарлаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар