Ресей күштері бұрынғыдан да агрессивті болып, жақын күндері Киевті қоршауға тырысуы мүмкін, деп хабарлады Reuters АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігінің сөзіне сілтеме жасап.
Ресми өкіл журналистерге ресейлік әскерлер Киев қаласының орталығынан 25 шақырымдай жерде екенін айтты.
Олар алдағы күндері алға жылжып, қаланы қоршауға тырысады деп күтілуде.
Аты-жөнін атамауды өтінген шенеуніктің айтуынша, Украинаның қатаң қарсылығы ресейлік әскерлердің ілгерілеуін бәсеңдеткен және жоспарлаудағы сәтсіздіктер кейбір ресейлік бөлімшелерді жанар-жағармайсыз және басқа да материалдарсыз қалдырған.
Ресей енді тактикасын өзгертіп, Киевті нысанаға алуы көлемді, агрессивті және ашық болуы мүмкін.
Пікір қалдыру