• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 03:35:30
Алматы
+12°
"Мариуполь қаласындағы перзентхана мен балалар ауруханасы Ресей әуе күштерінің соққысына ұшырады" деп хабарлады Украина баспасөз құралдары.
 
Президент Владимир Зеленский адамдар қирандылар астында қалып қойғанын айтып, шабуылды "әскери қылмыс" деп атады.
 
Шабуылдан кемінде 17 адам жарақат алғаны хабарланды, оның ішінде қызметкерлер мен науқастар бар.
 
Мариуполь бірнеше күннен бері ресейлік күштердің қоршауында. Бейбіт тұрғындар қаладан кетуіне мүмкіндік беру үшін бірнеше рет атысты тоқтату әрекеті сәтсіз аяқталған.
 
Украинаның Қызыл Крест өкілі Олена Стокоз Би-би-сиге: "Бүкіл қала жарықсыз, сусыз, азық-түліксіз қалды, адамдар шөлден өліп жатыр" деді. Ол Қызыл Крест эвакуация дәлізін ұйымдастыру әрекетін жалғастыратынын айтты.
 
Қала мэрінің орынбасары Ресей бомбалауды бастағаннан бері қалада кем дегенде 1170 бейбіт тұрғын қаза тапқанын және сәрсенбіде ондағы 47 адам ортақ қабірге жерленгенін, бірақ бұл сандар расталмағанын айтты.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір