Анталиядағы баспасөз залы халықаралық тілшілер мен шенеуніктерге толы.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаны түрік әріптесі қарсы алды, артынша жиын өтетін жерге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді.
Бұл келіссөздерге үлкен қызығушылық бар.
BBC ақпаратына сәйкес, пікірталастар жабық есік жағдайында өткен. Ресей және Украина делегациялары келіссөздер аяқталғаннан кейін баспасөз мәслихаттарын өткізуге уәде беруде.
Бірақ келіссөздерден үміт аз.
Бұл туралы Кулебаның өзі айтты. Оның пікірінше, кез келген келісім Лавровтың Мәскеуден алатын "нұсқауларына" байланысты болады.
Бірнеше күн бұрын Кремльдің жасаған сигналдары туралы көптеген болжамдар болған. Кейбіреулер оны Ресей позициясының ықтимал жұмсаруы деп түсіндіреді.
Пікір қалдыру