Ресей Украинаға басып кіргелі мыңдаған ресейлік отанынан кетіп қалған. Оған қорқыныш, сенімсіздік, соғыс бастаған мемлекетпен өзін байланыстырғысы келмеу, басталып жатқан экономикалық дағдарыс себеп, деп жазады ВВС.
Ресейліктер арасындағы ең танымал бағыт Грузия болып тұр. Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 24 ақпаннан бері елге 20 мың ресейлік барған. Оның үш мыңға жуығы әлі сол жақта. Одан кейінгі танымал бағыттар қатарында Армения мен Түркия бар. Бұдан бөлек ресейліктер Әзербайжан, БАӘ, Қазақстан, Қырғызстан, Орталық және Оңтүстік Американың визасыз елдеріне кетіп жатыр.
Визасы барлар үшінші елдер арқылы Ұлыбританияға, АҚШ пен Еуроодақ елдеріне кбаруға тырысуда. Пойызбен Финляндияға, автобуспен Латвияға қоныс аударып жатқандар аз емес.
Мұндай экспанция барған елдердегі тұрғынүй арендасы бағасының күрт қымбаттауына әкеліп соққан. Кей жерлерде келушілерді салқын қарсы алған жағдайлар да кездескен. Мәселен, Грузия астанасы Тбилисидегі пәтер арендасы хабарландыруларының кейбірінде ресейліктер мен беларусьтіктерге пәтер жалға берілмейтіні жазылған.
Telegram мессенджерінде Ресейден кетушілердің ондаған чаты ашылған. Олардағы адам саны 3 мыңнан басталып, 40 мыңға дейін жуықтайды. Ол жерде барғысы келетін елге байланысты сұрақтар қойылып, адамдар бір-біріне кеңес беріп жатыр.
Пікір қалдыру