11 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Украина ресейлік күштер ядролық зерттеу нысанын бомбалағанын хабарлап, Мәскеуді "ядролық терроризм" жасады деп айыптады. Бұл туралы Sky News басылымы жазды.
Украинаның Мемлекеттік ядролық реттеу инспекциясы бейсенбі күні кешке атқылау кезінде Харьков қаласындағы нысан электр қуатын жоғалтып, зақымданғанын мәлім етті.
Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.
Ресей әзірге бұл мәселеге қатысты ашық пікір білдірмеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір