• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 17:10:41
+12°
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей күштері өздерінің әскери қылмыстарының ізін жасыруға тырысып жатыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.
 
Зеленский Киевке жақын Буча қаласында Ресей күштері үш жүзден астам адамды өлтіріп, азаптағанын айтты.
 
Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Алматы уақытымен кешкі сегізде сөз сөйлейді, сол кезде қосымша дәлелдер келдіреді деп хабарланды.
 
Буча көшелеріндегі өлген бейбіт тұрғындардың адам шошытарлық суреттері жарияланғаннан кейін Ресей халықаралық айыптауға ұшыраған.
 
АҚШ президенті Байден Путинді "әскери қылмыскер" деп атады және "ол оқиғаларға байланысты сотқа тартылуы керек" дейді.
 
Ресей барлық айыптауларды жоққа шығарады және ешқандай дәлел келтірместен, видеолар фейк деп мәлімдеді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір