Көрнекі сурет
2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белорусь азаматтары 11 940 шот ашқан. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Ашылған шоттардың ішінде 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірген адам Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған. Осылайша, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей мен Беларусь азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жеткен.
"Ресей Федерациясының резидент – заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Ағымдағы жылғы ақпанның соңынан бері банк шоттары 7 Ресей компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті. Қазіргі уақытта барлық шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң (КЖТҚҚ) нормаларымен, сондай-ақ Ұлттық Банк пен Агенттіктің реттеушілік талаптарымен реттелген. Осылайша, Ұлттық Банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы №207 қағидаларының талаптарына сәйкес шотты ашу офлайн режимде де, электрондық өтініш арқылы онлайн да жүргізілуі мүмкін" делінген ақпараттық хабарламада,
Агенттік банктер шетелдік, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы клиенттердің операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізетінін атап өткенү
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір