"Украинаның шығысындағы Донбасс аймағы үшін шайқас Екінші дүниежүзілік соғысты еске түсіреді, оған мыңдаған танк қатысып жатыр" деді Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
Кулеба НАТО одақтастарынан қажет нәрсенің барлығымен қамтамасыз етуді сұрады.
"Біз өз қауіпсіздігіміз үшін ғана емес, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін де күресеміз" деді ол.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс қолдауды күшейтуге дайын екенін айтты, бірақ қару-жарақ туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
"Ресей Донбассқа жаппай шабуыл жасауды көздеп отыр. Менің ойымша, ашық сұрақ мынау: мұның соңы қалай аяқталады?" дейді АҚШ генералы Марк Милли.
Пікір қалдыру