• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 14:12:40
Алматы
+12°
Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады.
 
Оның айтуынша, әрбір өңірде тергеу топтарымен тергеу әрекеттері жүргізіліп, олардың аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолданып жатыр.
– Бүгінгі тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілерімен – 45. Шымкент қаласының прокуратурасымен қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдікті сотқа берілді. Бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктердің көрінісі көрсетілген. Қызылорда облысында осы тектес айыппен 7 адамға қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жіберілді, – деді ол.
 
Оның айтуынша, мұндай істер бойынша күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады. Іс сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралып, жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қаңтар оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір