Бүгін елде референдум. Шығыс Қазақстандықтар таңғы жаңбырға қарамастан референдум учаскелеріне ағылып келуде.
Көңіл күйлеріде тамаша. Таңғы 7.00 ден алғышқылардың бірі болып дауыс беруге ШҚО Ұлан ауданының тұрғындары 88 жастағы Қасенжар Ескендіров пен 85 жастағы Шамзада Ескендірова азаматтық жауапкершілік деңгейін және осы оқиғаның маңыздылығын сезініп, референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
"Ұсынылып отырған түзетулердің маңыздылығын түсіне отырып, біз бүгін дауыс беруге келдік. Елімізі үшін айтулы оқиға" деді Қасенжар ақсақал. Ұлан ауданы бойынша халықтың белсенділігі жоғары.
ШҚО ақпарат орталығы
Пікір қалдыру