• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:24:28
Алматы
+35°

"Бірқабатты Шығыс" өңірлік жобасы аясында биылғы жылы Зайсан қаласында 2 пәтерлі 35 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары С.Тлемесов мәлімдеді. 

rev

"Осы бағдарламаның аясында 2020 жылдың желтоқсан айында Зайсан қаласының, Сауыр мөлтек ауданында 18 қоспәтерлі 36 тұрғын-үй көпбалалы отбасыларға берілді. 2021 жылы Сауыр мөлтек ауданында 62 көпбалалы отбасы тағы да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен 31 қоспәтерлі 62 тұрғын-үймен қамтамасыз етілді. Жыл сайын мемлекет азаматтардың әл-ауқатын аттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды нәтижелі іске асырып келеді. Әсіресе, шалғайдағы шекаралық аудандардың әлеуетін арттыру соңғы уақытта басты назарға алынып отыр", дейді С.Тлемесов.

dvee

Бұдан бөлек аудан әкімі шекаралық аудандарды дамыту мақсатында арнай бағдарлама жасақталғанын айтты. 

rve

"Шекаралық аудандарды дамытудың арнайы бағдарламасы да жасалды. Аталған бағдарлама көпбалалы аналарды қуантып қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. Құрылыс заттарын сататын дүкендердің сауда айналымы артып, азаматтар жұмыспен қамтылды", дейді аудан әкімі.

rvvf

Cалынып жатқан үйлер I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға берілмек.

ШҚО ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір