• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 05:20:36
Алматы
+12°

Ресей тергеу комитеті оппозиционер, Мәскеудің Красносельск ауданы муниципалитетінің депутаты Илья Яшинге Ресей қарулы күштері туралы көрінеу жалған ақпарат таратты деп айып тақты. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне адвокат Вадим Прохоров мәлім еткен.

"Илья Яшинге қылмыстық кодекстің 207,3-бабы 2-бөлігі "д" пунктінде көзделген РФ Қарулы күштері туралы көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылды" дейді Прохоров.

Мәскеу Басман соты Яшинге қатысты бұлтартпау шарасын бүгін кешке тағайындамақ.

Қылмыстық іс Яшиннің 7 сәуір күні журналист Юрий Дудьке берген сұхбатында Украинадағы Буча қаласында болған жағдай туралы айтқан сөздеріне байланысты қозғалған.

Аталған бап бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше Яшиннің Мәскеудегі пәтерін тінтіген. Бұған дейін Яшин полицейге бағынбады деген айыппен 15 тәулікке қамауда болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илья Яшин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір