• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:02:47
Алматы
+35°

Қазгидромет ауа температурасы біртіндеп төмендейтінін хабарлады. Республиканың аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронт салдарынан елдің солтүстігінде метеорологиялық жағдай нашарлай бастаған.

"Фронтальды бөліктің біртіндеп жылжуы, елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай болуына, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақ жауына әкелуі мүмкін. Мұның бәрі, солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді" дейді синоптиктер.

Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, солтүстікте +20 +30°С-тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33 °С-тан +18 +27°С-қа дейін; шығыс облыстарда аптап ыстық +25 +35°С-тан +19+29°С -қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ыстық +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін түседі деп болжанып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір