Қазгидромет: Тамыз айы салыстырмалы түрде салқын болады

/image/2022/08/01/crop-32_27_735x1307_image.jpg

Қазгидромет 2022 жылғы тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер тамыз елдің солтүстік өңірлеріндегі салыстырмалы салқын, ал Қазақстанның басым бөлігіндегі тұрақсыз ауа райынан басталатынын айтады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен, қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда, бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі. Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін жоғарылайды деп күтілуде.

Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл – ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі. Дегенмен, салқын күн райы ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты құрайды, бірақ жекелеген күндері күн салқындауы мүмкін.

Жаздың соңғы айы күздің алғышарттарымен аяқталады. Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массалары басып кіруі Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне әкеледі. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда еріс шамаға дейін төмендейді. Күндіз +15 +20°С-қа дейін жылы болады. Оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар