• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:37:32
Алматы
+35°

АҚШ-тағы Google деректерді өңдеу орталығында жарылыс болды, деп хабарлады The Register басылымы.

Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға АҚШ-тың Айова штатындағы Блаффс қаласындағы Google орталығы ғимараттарының жанындағы қосалқы стансада болған. Сол уақытта станцияда 3 электрик жұмыс істеп жатқан. 

Электр разрядынан туындаған жарылыс салдарынан 3 электрик те ауыр жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.

"Біз Айова штаты Блаффс қаласындағы Google деректер орталығында,ы электрлік оқиғадан хабардармыз. Жарылыс салдарынан 3 адам жарақат алып, қазір көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне басымдық береміз. Сондай-ақ біз жағдайды мұқият зерттеп, қажетті көмек көрсету үшін серіктестермен және жергілікті билік органдарымен тығыз байланыстамыз" делінген Google мәлімдемесінде.

Орталық – Google кешені компанияларының ең ірі деректерді өңдеу орталықтарының бірі. Онда үлкен көлемдегі деректерді сақтауға және өңдеуге арналған жүздеген суперкомпьютерлер болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір