– 955 күдікті адам сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды, оның ішінде 636 бас бостандығынан айыруға байланысты емес. Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуде, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда және басқа да қылмыстарға белсенді түрде қатысқандығы туралы тергеуде жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде, – деді спикер.
16 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты
Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдары 5 300-ден астам қылмыстық істі тіркеген. Олардың басым бөлігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.
Елдос Қилымжановтың айтуынша, жеке бастарын, денсаулық жағдайын және сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір