Прокуратура 176 адамның қаза болу жағдайын анықтағанын мәлім етті #Қаңтар оқиғасы

/image/2022/08/16/crop-7_155_558x991_whatsapp-image-2022-02-13-at-15.55.35-1.jpeg

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудағы қылмыстық әрекеттер адам өлімдеріне әкеп соқты.

– Қылмыстық істер шеңберінде мыңдаған күрделі сот сараптамалары жүргізілді. Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам қаза болды. Олардың ішінде қылмыскерлер, әрі кінәсіз адамдар да бар. Біз әрбір фактіні жан-жақты қараудамыз. Бүгінгі күні біз 176 адамның қаза болу мән-жайларын анықтадық және тергеу жалғасуда, – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық  коммуникациялар  қызметі алаңында.

Анықталған мән-жайлардың ішінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қаза болған 19 құрылымдық күш қызметкерлерінің ісі бар.

– Аталған қызметкерлер қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік объектілерді қорғауда өз қызметтік міндеттерін орындауда қаза тапты, ал кейбіреулері жаппай ұрып-соғуларға тап болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз борыштарын атқарып, жаппай ұрып-соғу, көлік құралдарымен басып өту салдарынан және қарусыз бола тұра оларға тікелей оқ ату нәтижелерінде қаза болды. Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан, қарусыз әскери қызметші подполковник Хаировтың өлімі кезінде ерекше қатыгездік көрініс тапты. Оның мәйіті ғимараттың шатырында анықталды. Зорлық-зомбылықпен өлтіруден кейін, қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін денесін өртеп жіберген. 39 жастағы офицердің отбасы мен екі кәмелетке толмаған балалары қалды, – деді Елдос Қилымжанов.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар