– 955 күдікті адам сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды, оның ішінде 636 бас бостандығынан айыруға байланысты емес. Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуде, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда және басқа да қылмыстарға белсенді түрде қатысқандығы туралы тергеуде жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде, – деді спикер.
Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдары 5 300-ден астам қылмыстық істі тіркеген. Олардың басым бөлігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.
Пікір қалдыру