Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы және басқа бірқатар елдегі елші қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда сайты.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды" делінген хабарламада.
Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болып 2017 жылдың ақпанында тағайындалған.
Пікір қалдыру