• USD 476.89

  • EUR 462.2

  • RUB 8.31

  • CNY 66.64

30 Қыркүйек, 18:40:06
Алматы
+9°

Алматы прокуратурасы Қаңтар оқиғасынан соң көзі көрмей қалған Ермек Әбдірешовке қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл туралы Qantar қоры Instagram парақшасында хабарлады.

"Qantar қорының адвокаттары Ермек Әбірешовтің ісінен көптеген заң бұзушылық тапты. Мысалы, соқыр адамнан заңды өкілсіз жауап алынған. Сондай-ақ физикалық тұрғыдан оқи алмайтын сәтінде жауап алу хаттамасына қол қоюға мәжбүрлеген. Айыпты алып тастау – әлі күрестің басы ғана. Алда әлі жұмыс көп. Ермекті азаптаған полицей әлі күнге бостандықта. Ол іс бойынша куәгер. Құқық қорғаушылар оның қатысуымен азаптаудың 13 эпизодын тапты. Полицейді зардап шеккендер мен куәгерлер таныды" делінген Qantar қоры мәлімдемесінде.

Қаңтарда бейбіт митингіге шыққандардың ешқандай қылмысқа қатысы жоғын дәлелдеу үшін қор өз жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Қаңтар оқиғасы кезінде 37 жастағы Ермек Әбірешовке резеңке оқ тиіп, бір көзі көрмей қалады. Ал тергеу изоляторындағы азаптаудан кейін Әбірешов қос жанарынан айырылған. 

Қаңтар оқиғасында ресми дерек бойынша барлығы 238 адам қаза тапқан. Олардың алтауы азаптаудан көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір