05 Қазан, 2022 NEWS
Фото: ria.ru
Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кететін болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz сайты.
Бұған дейін Петр Врублевскийдің қазақстандық блогерге берген сұхбаты дау тудырған. Сұхбат барысында Украина елшісі ресейліктерді мейілінше көбірек өлтіруге шақырған.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәжіліс кулуарында Украинаның сыртқы істер министрлігі жаңа елші тағайындау туралы өтініш жібергенін мәлім етті. Олардың өтініші қарастырылып жатыр.
“Біз Мария Захарованың (РФ СІМ ресми өкілі) сөзіне түсінбеушілікпен қараймыз. Өйткені оның айтқан сөздері Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік сипаттағы қатынастарға қайшы келеді”, – деді Айбек Смадияров.
Кеше Ресей дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақыртып, Петр Врублевскийдің айыптауларына қатысты ресми Астана еш әрекет етпегеніне наразылық танытқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір