Бас прокуратура Қазақстанда азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейту шаралары туралы хабарлады.
Бас прокуратура баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған мақсатта заң қабылданғанын, соның аясында азаптау үшін бас бостандығынан айыру жазасының ең ұзақ мерзімі 10 жылдан 12 жылға дейін ұзартылған.
Рақымшылық, ескіру мерзімі және тараптардың өкінуі мен татуласуы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату азаптау қылмысы үшін жойылған.
Прокуратура мәліметінше, қылмыстық қудалау органдары азаптау істерін тергегенде заңбұзушылықтарға жол береді.
"Тергеу іс-шараларын уақтылы жүргізбеу дәлелдемелердің жоғалуына және дәлелденбегендіктен істердің тоқтатылуына әкеп соғады. Жалған корпоративті ынтымақтастық шындықты анықтауға кедергі келтіреді. Әріптестер өз қызметкерлерін, дәлелдерді жасырады" делінген хабарламада.
Бас прокуратура сондай-ақ азаптау қылмыстарын тек прокуратура органдары тергей алатындай қылмыстық-процестік кодекске түзетулер жобасын дайындалғанын, жоба қазір парламент қарауында екенін атап өтті.
Пікір қалдыру