• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 13:45:06
Алматы
+12°

Украинаның Днепр қаласында Ресейдің зымыран соққысынан бүлінген жолды қаланың коммуналдық қызметі бір күнде ештеңе болмағандай етіп жөндеп тастады.

"Біз бәріміз түні бойы табындылықпен жұмыс істедік" дейді Днепр мэрі Борис Филатов телеграм-каналында түні бойы тыным таппай еңбек еткен жұмысшыларға рахмет айтып.

Қала басшысы жолдың снаряд құлаған кездегі және жөндеуден кейінгі суретін жариялады. Арадағы уақыт алшақтығы бір тәулік қана.

Фото: Борис Филатовтың телеграм каналынан

Фото: Борис Филатовтың телеграм каналынан

"Біз бәрін қалпына келтіреміз, қайта тұрғызамыз. Бірақ біздегі өшпенділік жүз жылдап өмір сүреді" дейді Филатов.

Кеше Ресей Украинаның 12 облысы мен Киевті зымыранмен атқылаған. Шабуыл салдарынан 19 адам көз жұмып, 105 адам жараланған. Жарылыс салдарынан жарықсыз қалған 3571 елдімекенге электр жарығына қосылды, 301 елдімекен әлі де жарықсыз отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір