Ұлыбритания Үкімет байланыс орталығының басшысы Джереми Флеминг Украина ресейлік әскерге тойтарыс беру арқылы, соғыс барысын түбегейлі өзгертті, деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Орталық басшысы соңғы күндері Ресей Украинаны зымыранмен атқылағанына қарамастан, Кремль әскерінде оқ-дәрі қоры аз қалғанын, Путиннің шешімі қате болғанын айтады.
Оның дерегінше, Ресей соғыста айтса сенгісіз шығынға ұшырап жатыр. Ресей әскерінің о бастағы сәтті қимылдарынан қазір ештеңе қалмаған.
"Біз Ресейде қор мен оқ-дәрі таусылуға шақ қалғанын білеміз. Мұны оқиға арнында жүрген ресейлік командирлер де біледі. Владимир Путин жағдайды бағамдауда қатты қателесті. Оған өз азаматтары да куә" дейді Джереми Флеминг.
Кеше Ресей Украинаның 12 облысы мен Киевті зымыранмен атқылаған. Шабуыл салдарынан 19 адам көз жұмып, 105 адам жараланған. Жарылыс салдарынан жарықсыз қалған 3571 елдімекенге электр жарығына қосылды, 301 елдімекен әлі де жарықсыз отыр.
Бүгін "Үлкен жетілік" елдерінің басшылары зымыран шабуылдарына бацланысты вирдуал кездесу өткізіп, Украинаны қолдау барысы туралы кеңеспек.
Ұлыбритания Украинаны қолдау мақсатында 2,3 млрд фунт стерлинг қаржы бөліп, өзге елдерді де Путин жеңіліп, Украина халқы тезірек жеңіске қол жеткізу үшін Киевке батыл түрде көмек көрсетуге шақырды.
Пікір қалдыру