• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 12:59:41
Алматы
+7°

4 қазандағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір апта ішінде 0,1 пайызға, жыл басынан бері 19,6 пайызға, бір жылда 19,7 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы еnergyprom.kz порталы мәлім етті.

Апта ішінде жұмыртқа 1,2%, күріш, күнбағыс майы және пастерленген сүт 0,4% қымбаттаған.

Жылдық динамика бойынша қант бағасы бірден 79,3%, рожки 30,2%, қарақұмық 27,8%, күріш 23,7%, тауық еті 23,6%, бидай ұны 22,7%, сары май 19,8%, пастерленген сүт 19,4%, тұз 18,9%, айран 16,6%, күнбағыс майының бағасы 16,1%-ға көтерілген.

Ірі қалалар тұрғысында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының апта сайынғы ең жоғары өсімі Жезқазған (0,9%), Қостанай (0,4%), сондай-ақ Алматы, Атырау және Тараз (0,2%) қалаларында байқалған. Жылдық динамика бойынша азық-түлік бағасы Жезқазғанда бірден 24,7%, Оралда 21,9%, Алматыда 21,7%-ға өскен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қымбатшылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір