• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:56:37
Алматы
+35°

Энергетика министрі Болат Ақшолақов көгілдір отынның ЕАЭО-дағы ортақ нарығы туралы келісімдер бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын хабарлады.

Министрдің мәліметінше, әзірге ешқандай құжатқа қол қойылмаған.

– Ресей тарапы ұсыныстарының бірі – рубльді барлық есеп айрысу құралы ету туралы болды. Біз опция келісім-шартқа қатысушы тараптардың таңдауына қарай болуы керек деген ұстанымды білдірдік, – деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министр валюта таңдау екі тараптың коммерциялық талабы болуы керектігіне назар аударды.

Кремльдің Украинадағы басқыншылығын айыптаған батыс елдері Ресейге санкция сала бастаған соң Мәскеу Еуропаға газ үшін төлем енді тек рубльде қабылданатынын, оған көнбегендерге газ сатылмайтынын айтып доқ көрсеткен. Алайда Еуропа елдері бұл талап келісім-шартта көзделмегенін, оны орындамайтынын ашық мәлімдеді.

31 наурызда Ресей президентінің жарлығы шықты. Алайда ол жерде орыс газы үшін рубльде төлемеу мүмкіндігі де бар. Жарлыққа сай, сатып алушы ресейлік Газпромбанктен валюталық және рубльдік шот ашады. Сатып алушы көгілдір отын үшін шетел валютасымен валюталық шотқа төлем жасайды. "Газпромбанк" шоттағы валютаны Мәскеу биржасында сатып, алынған рубльді рубльдік шотқа аударады. Түптеп келгенде, Мәскеудің газды тек рубльмен сатып алу туралы талабы орындалмай отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей газы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір