• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:39:56
+35°

Украинаның Ресей басып алған жерлерден басқа аймақтардың бәрінде дабылды ескерту жарияланды. Жергілікті билік өкілдері Киев, Харьков, Запорожье, Кривой Рог және тағы басқа аймақтарда жарылыс болғанын хабарлады

Днепропетровск облысындағы Марганец қаласына жасалған шабуыл кезінде 31 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлады Днепропетровск облыстық әскери әкімшілік басшысы Валентин Резниченко. Оның айтуынша, қалаға 40 "Град" снарядымен шабуыл жасалған. Тағы бір әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

"Қалада 30-ға жуық көпқабатты және жеке үйлер зардап шекті. Жергілікті лицей, әкімшілік ғимарат, көліктер мен электр желілері қирап қалды" деді Валентин Резниченко. 

ВВС мәліетінше, жарылыстан кейін Киев электр желісінен ажырап, байланыссыз қалған. Кейінірек Киев мэрі Виталий Кличко "инфрақұрылым нысандарына жасалған соққы салдарынан Киевтің бір бөлігі электр қуатынан ажырағанын, кей аудандарға су берілмей жатқанын" хабарлады.

Украина қорғаныс министрі Герман Галущенко Ресей шабуылы салдарынан Украина энергетика инфрақұрлымының 40 пайызға жуығына зақым келгенін хабарлаған.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір