Маңғыстау облысында полиция бөлімі басшысының орынбасары қамауға алынды

/image/2023/01/10/crop-7_19_270x479_photo1673338018.jpeg

Маңғыстау облысында Бейнеу аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары қамауға алынды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің ақпарат ресурсы polisia.kz.

"9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады" делінген ақпараттық хабарламада.

Есбағанбетовке қандай айып тағылып отырғаны айтылмады. Тергеу жалғасып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар