Әділет министрлігі Ашық НҚА порталына ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады.
Жаңа заң жобасы бойынша пара беру мен парақорлыққа делдал болғандарға айыппұл өскен. Енді пара алушылар алған параның 10 еседен 20 есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.
Егер пара мүлік түрінде берілсе, онда айыпкер сол мүліктің құны мөлшерінде айыппұл төлейді. Болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, болмаса бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Пікір қалдыру