Жамбыл облысында көктемгі су тасқыны кезеңінде су басуы мүмкін 42 елдімекен есепте тұр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Календеров мәлім етті.
"Облыс аумағында көктемгі су тасқыны кезеңінде әкімшілік аумақтардағы су басуы мүмкін 42 елдімекен есепте тұр. Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында, әр жыл сайын су тасқыны жоспарларының орындалу барысында, су басуы мүмкін 42 елдімекеннің 34-нен қауіп алынды, 2 елдімекеннің қауіпі төмендетілді, су басуға бейім тек 6 елді мекен қалды, бұл елді мекендер "2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені" Жол картасына сәйкес іс-шаралар іске асырылу барысында төмендетілуі жоспарлануда" делінген Қамшының ресми сауалына берілген жауапта.
Сондай-ақ хатта облыс аумағында 157 гидротехникалық құрылыс бар екені айталыд. Оның ішінде республикалық меншікте – 41, коммуналдық меншікте – 106, жеке меншікте – 10.
"Таулы аймақтардағы елді мекендерді су басу қаупінен алдын алу және жою мақсатында, аудан бюджетінен қаражат бөлініп, көлбеу ағындарды елді мекеннен бұру каналдарына механикалық тазалау және қажетті жағдайда құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Тау бөктерінде ұзындығы 1305 км болатын 40 су бұру каналы тазартылу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыс аумағында каналдарды, дренаж каналдарды, арық желілерін және су өткізу құрылғыларын (көпірлер және т.б.) тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, әрдайым қатаң бақылауда. Сонымен қатар, облыс аумағындағы елді мекендерді су басу қаупінен алдын алу үшін 7,000 м3 қар шығарылды" делінген жауапта.
Пікір қалдыру