Фото: Ашық дереккөз
Бүгін ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 147 жыл толды.
Халық арасында Жамбыл шала туғандықтан атасы тымаққа салып, керегеге іліп өсірген деседі. Қазір ғасыр жасаған ақынның жасын берсін деген ниетпен жаңа туған нәрестеге «Жамбылдың жасын берсін!» деп бата-тілек айтып жатады.
Бір қызығы ХХ ғасырдың Гомері атанған ақын хат танымаған. Өлең-жыр көкейіне келгенде төгіп қалып отырған.
Ел ішіндегі төрелер мен байларды, молданы сынаған жырлары тез тарап, ауызға іліге бастайды. Жастайынан Сүйінбайды пір тұтып, батасын алған. Суырып-салмалығымен аты шыққан Құлан аян Құлматбетпен айтысып жеңгеннен кейін Жамбыл жыр алыптарымен иық теңестіре бастаған.
Түсінде қызыл жолбарыс көргеннен кейін "таңдайыма жыр қонды" деген ақын дүние салар шағында "жолбарысым тауына қайтты, менің де уақытым келді" деп өлімін болжаса керек-ті.
Кейіннен Шыңғыс Айтматов "Жамбылдың жолбарысы маған келді, қазақтан тума талант шыққанда еліне қайтады" деп айтыпты қалжың-шыны аралас.
Алайда Жамбылдан кейінгі ақындар Жамбылдың жолбарысы жайлы сөз қозғамаған. Бәлкім жыр жолбарыс қырғыз тауын әлі мекендеп жүрген болар?!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір