"Қандастар солтүстікке тұрақтай ма?": Министрлік тізімі шықты

/image/2023/04/07/crop-2_7_210x373_1398153346_a.jpg

Ашық НҚА порталында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы бұйрығының жобасы жарияланды.

Қандастарды қоныстандыратын өңірлер:

  • Ақмола облысы;
  • Атырау облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Абай облысы.

Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыратын өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Абай облысы;
  • Ұлытау облысы.

Қаулы жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Заң жобасы 21 сәуірге дейін ашық талқыға салынады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар