Қаңтар оқиғасы: Алматы облысы ҰҚК департаментінің экс-басшысы сотталды

/image/2023/04/07/crop-28_20_514x914_1571288925_news_b.jpeg

Талдықорған қалалық соты Алматы облысы ҰҚКД–ның бұрынғы басшысы Сәбит Құрманалиевті алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде қарамағындағыларға департамент ғимаратын босатып, құпия құжаттарды жоюды бұйырған.

"Алматы облысының ҰҚК басшысы бола тұра, ол өзінің міндетіне салғырт қараған. 2022 жылы 5 қаңтарда орын алған оқиғаларды көре тұра, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғамау туралы бұйрық берген. Қызметтік және құпия құжаттамаларды жойып, қол астындағыларды таратып жібергенінің соңы ҰҚК ғимаратын басып алуға әкелді", – делінген Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Істің толық мән–жайы "құпия" деп танылып, жарияланбайды.

Сот Алматы облысы ҰҚК–ның экс–басшысын 362 баптың 4 бөлігі бойынша өз өкілетін асыра пайдаланып және оның соңы зардапқа алып келгені үшін кінәлі деп таныды. Ол алты жылға сотталып, 10 жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды informburo.kz

Сонымен қатар, Сәбит Құрманалиевті ҰҚК генерал–майоры атағы мен мемлекеттік награда, ордендерінен айыру туралы ұсыныс тасталды .

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар