• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 20:27:51
Алматы
+12°

Антикор Алматы қаласының жер қатынастары саласында орын алған заңбұзушылықтарды анықтады.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Алматы әкімдігінің тау бөктеріндегі аудандардан жер бөлу және құрылыс орындарын салуда сыбайлас жемқорлық орын алған.

Сонымен қатар, сәулет және қала құрылысы туралы заңнаманың сақталмағаны белгілі болды. 2017 жылдан бастап туризмдік аймаққа арналған 286 гектарға жуық жерге тұрғын үйлер салынған. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылып, қоғамдық тыңдаудан өткізілмеген.

Төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі бар аймақтарға 5 000 ға жуық тұрғын үй салынған. Ол аймақта 26 мың адам тұрады. Мысалы, Набережная көшесінде тік беткейдің астындағы сары топыраққа 12 тұрғын үй салынған.

Соңғы екі жылда ландшафттарды өзгерту бойынша 26 іс анықталды. Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі жер учаскесінің иесі рұқсат құжатсыз тауды қопарып тастаған. Мамандардың қорытындысы бойынша, кесілген топырақтың көлемі 100 мың текше метрді құрады. Ол жерлерді 50 учаскеге бөліп, сатуға шығармақ болған.

Сонымен қатар, сәулет органдары жеке үйдің эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынған. Бұл үйлерге су мен жылу тартылу үшін техникалық шарттар да ескерілмейді. Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, тротуарлар мен демалыс алаңдарына арналған жерлерге де тұрғын үй сала берген. Қазіргі таңда аталған заң бұзушылықтар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы жер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір