Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдеріқ мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады.
"Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету керек. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" Заңының 22 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз", - делінген ведомство хабарламасында.
Ақша жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы 1424 Call орталығына хабарлауға болады.
"Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады. Барлық қажетті шаралар қабылданатын болады" - делінген ведомство мәліметінде.
Дереккөз: Ұлысмедиа
Пікір қалдыру