Елімізде соңғы 10 жылда балалар үйі мен ондағы тәрбиеленушілер саны 2 есеге азайған.
Қазіргі таңда 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Ал соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапқан.
"Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті", – деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді. Олардың жұмысқа орналасу кезінде құқығы басымырақ болады.
Пікір қалдыру