Абай облысы Көкпекті ауданында қамыс өртеніп жатқаны хабарланды. Өрт кеше сағат 11:00-де басталған.
"Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді. Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты", - делінген хабарламада.
Өрт шамамен 200 гектар жерге тараған.
"Елді-мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.
Пікір қалдыру