10 Шілде, 2023 NEWS
Коллаж: Ulysmedia.z
9 шілде күні Астанада 100 ге жуық мопедшілер ереуілге шыққан. Әлеуметтік желілердегі видеоларға қарағанда, олар Яндекс жеткізу шарттары мен төлем мөлшеріне наразы болған.
Олардың айтуынша, құны 1 500 теңгеден төмен әрбір тапсырыс үшін Яндекс курьерге өз қаражатынан қосымша ақы төлейді.
Мопедшілер наразылық акциясы арқылы өз құқықтары бұзылып жатқанын жеткізуге тырысты.
Сондай-ақ, ереуілшілер бонустардың аздығына және кейбір төлемдердің әділетсіз екеніне наразы екендігін мәлімдеді.
Ал Яндекс бұл акция туралы әлі түсініктеме берген жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір