Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі, деп ескертті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 17 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде 2023 жылғы 17 шілде 09 сағаттан 19 шілде сағат 21-ге дейін Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 18-19 шілде күндері түстен кейін 42 градус қатты ыстық болады. 18-19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында 18-19 шілдеде түстен кейін 40-42 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі. 18-20 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
"Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру