Гүлнәр Кәрімованың Ұлыбританиядағы 25 млн долларлық мүлкі тәркіленді

/image/2023/08/09/crop-25_8_641x1139_1fe056d7-8968-4a55-b007-b0858d5a4df6.jpeg

Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі екі элиталық пәтер мен зәулім үй тәркіленді. Бұл туралы алаяқтыққа қарсы күрес бюросы мәлімдеді.

Элиталық жылжымайтын мүліктің құны 25 миллион доллардан асады. Пәтерлер Лондонның бай-бағландар тұратын ауданында, ал сарай Суррей округінде орналасқан.

Ұлыбритания билігі тәркілеу туралы шешім қабылдаған соң бюро Кәрімова мен оның отбасы жылжымайтын мүлікті Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлық қызметінен түскен қаражатқа сатып алды деген қорытындыға келді.

Еске сала кетейік, Кәрімова Өзбекстанда жазасын өтеп жатыр. Ол үш жыл бұрын қылмыстық топ ұйымдастырып, алаяқтық жасағаны үшін 13 жылға сотталды.

Бұған дейін Өзбекстанның экс-президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованың 131 миллион долларлық активтері Швейцариядан елге қайтарылатыны хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар