• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 15:10:40
Алматы
+12°
Жамбыл облысындағы әскери қойманы қасақана өртеді деп айыпталып жатқан екі сарбаз 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК.
 
2021 жылы Байзақ ауданында болған жарылысқа қатысты көшпелі сотта прокурорлар жауынгерлерге осындай жаза кесуді сұрады.
 
Мемлекеттік айыптаушы екі күдікті матаны өртеп, оқ-дәрілер тұрған қоймаға терезеден әдейі лақтырған дейді. Ал сарбаздардың бұл іске баруына штаб бастығымен жеке бас араздағы себеп көрінеді.
 
"ҚР ҚК 202-бабы, 3-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруды, ҚК 459-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұраймыз", - дейді Оңтүстік аумағы әскери прокурордың орынбасары Асылбек Темірбеков.
 
Осы іске қатысты тағы төрт офицер айыпты деп танылған. Олар салғырттық және қару-жарақты сақтауда қауіпсіздік ережелерін ескермеу бабымен жауап беруде. Прокурорлар жарылыс болған бөлім командирі мен оның орынбасарын 6 жылға соттауды сұрады. Қалған екі қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазадан бостуды ұсынды.
 
Ал жарылысты "қолдан ұйымдастрды" деп тағылған айып емес, қос жауынгерлерге жабылған жала дейді олардың ата-аналары. Сөздерінше, дәл сол уақытта сарбаздар оқиға орнында мүлде болмаған.
 
"Бірақ менің балам о бастан ондай болмаған деп мойындап отыр. Ол уақытта Тұранов екеуі шөп тазалаған. Екі балаға қосылып кеткен. 14-ші қойманы тіпті білмеген олар. Білмейді де. Бұлар біздің балаларымызды кінәсіз кінәлап отыр ғой. Біз соған келіспейміз. Шындық керек бізге. Сотымыз әділ болса екен деп талап етеміз", - дейді сарбаздың анасы Алмагүл Асанова.
 
Екі жыл бұрын болған жойқын жарылыстан 17 адам қаза тауып, 100-ге жуық жан жараланды. Келтірілген шығын көлемі 25 млрд теңгеден асады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір