Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер саны 40-тан асты

/image/2024/01/23/crop-10_3_441x784_photo_119311-1.jpeg

Алматыда түнгі сағат бірден бастап 44 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің дерегінше, медициналық көмекке әртүрлі жарақаты бар, жеңіл және орташа жарақат алған адамдар жүгінген. Бірінің басы көгерген, сіңірі тартылған.

Олар қаланың стационарларына жеткізілген. Оның ішінде 34 ересек адам бар. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, бесеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар