• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қараша, 22:29:11
Алматы
+12°

24 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

«Қазақстан халқына» қоры есебінен Батыс Қазақстан облысында 114 үй салынады

Жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды Qamshy.kz kaz.inform-ға сілтеме жасап.

фото: Qazaqstan halqyna qory

"Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры және Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғынүйлер салу туралы меморандумға қол қойды. 

Жүзеге асырылатын меморандум аясында Батыс Қазақстан облысында Қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде 114 тұрғынүй салынады. Үйлер келесі елдімекендерде салынады:

  1. Жымпиты ауылы - 49 үй;
  2. Бұлдырты ауылы - 25 үй
  3. Өлеңті ауылы - 38 үй;
  4. Жетікөл ауылы-1 үй;
  5. Жаңақоныс ауылы - 1 үй.                                                                                                     

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су басуға бейім емес аймақтарда жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін анықтады және бөлді, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етеді. Орындалатын құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мен қадағалауды облыс әкімдігі жергілікті қоғамдық белсенділермен бірлесіп жүзеге асыратын болады. Жақын уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Су тасқыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір