Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әскерилендірілген теміржол күзеті ЖШС бас директоры, оның орынбасары мен менеджерге үкім шығарды. Бұл туралы Антикор хабарлады.
"Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", – делінген ресми хабарламада.
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Наханов одан бөлек лауазымын асыра пайдаланып, қағаз жүзінде адамды әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін де айыпталды.
Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Пікір қалдыру