Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев және «Алатау» АЭА директоры Ж.Саурбектің JTC компаниясының (Сингапур) басшылығы – Нельсон Люмен кездесуі өтті. JTC Сингапурдағы бас жоспарлардың, архитектуралық шешімдердің және келесі ұрпақ урбанизациясының жетекші әзірлеушісі.
Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лю индустриялық, еркін экономикалық аймақтар мен арнайы стартап-инкубаторлар жұмысының тәжірибесімен және ерекшеліктерімен бөліскен. Тараптар жер ресурстарын басқару тәртібі мен тетіктерін, тіркеу тәртібін және тұрғындарға қызмет көрсетуді талқылаған.
Алматы облысының басшылығына Джуронгтағы «Seletar» аэроғарыш саябағы, және «Tuas» биомедициналық саябағындағы жаңа аумақтарды дамыту картасы ұсынылды.
Кездесу нәтижесінде тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандарды оқыту туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Лю мырза Қазақстанда өтетін бизнес-форумға шақырылды.
Бұл кездесу Алматы облысының өңірді дамыту үшін озық халықаралық тәжірибені тартуға ұмтылысының жарқын мысалы. Тиімді индустриялық аймақтарымен және жоғары технологиялық шешімдерімен танымал Сингапур тәжірибесі, инвесторлар үшін аймақтың тартымдылығын арттыру және экономикалық өсуді жеделдетуде құнды құрал бола алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір