01 Шілде, 2024 NEWS
Алматыда тағы да жол ақысын қымбаттату көзделіп отыр
Жол ақысы бұған дейін былтыр тамыз айында көтерілген.
Көрнекі сурет
Алматыда қоғамдық көлік бағасын қымбаттату жоспарланып отыр. Қала әкімдігі жариялаған "Ашық НҚА" порталындағы құжатта жол ақысын 120 теңгеге көтеру, қолма-қол төлемді мүлде алып тастау жоспарланып отырғаны жазылған.
"Тасымалдаушылар қазіргі тариф автобус сатып алуға, оларды жаңартып, уақытылы жөндеуге, жүргізушілердің жалақысын көтеруге жетпейтінін айтады. Жоба тарифті 120 теңгеге дейін көтеруді көздеп отыр. Сәйкесінше, жеңілдік санатындағы азаматтар үшін жол ақысы тарифтің 50%-ын құрайды" делінген Қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.
Маусымның аяғында Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы жол ақысын қымбаттату туралы бастама көтерген. Енді қалалық мобилділік басқармасы қаладағы орташа тариф – 310 теңге, кей маршруттарды – 400 теңге екенін мәлімдеп отыр. Өйткені субсидия көлемі артып келеді. 2023 жылы жол ақысын субсидиялауға 68,7 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл сома 97,3 млрд теңгеге жетіп қалады деп болжанып отыр.
Сонымен қатар жол ақысын қолма-қол төлеуді алып тастау көзделуде. Бұл – жүргізушіге бөгет жасамау, көлегейлі экономика шарттарын тудырмау үшін жасалмақ.
Құжатты талқылау 17 шілдеге дейін ашық.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір