Қарағанды облысы Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде қолға түскен лаңкестер туралы жаңа деректер жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында жарылыс ұйымдастырмақ болған террористер Сириядағы соғысқа аттануды жоспарлаған. Тіпті дінінен адасқан қарулы топ Балқаш қаласындағы ресейдің әскери бөліміне шабуыл жасап, қару-жарақ алуды ойластырыпты. Сөйтіп елдің тыныштығын кетіріп, дүрбелең туғызбақ болған.
Бұған дейін, 26 маусым күні Қарағанды облысында бірнеше радикалдық ағым өкілдері ұсталып, біреуі өзін-өзі жарып жібергені жарияланған еді. ҰҚК ол ұсталғандардың салафит ағымының өкілдері екенін хабарлады.